26-қазан күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Елбасы бұл жөнінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында : «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Тарихи маңызды құжаттың қабылдануына орай, Ордабасы ауданы әкімдігінде алқалы жиын өтті. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлесін қосып, жемісі мен жеңісін әкелетіні жөнінде айтты. Ардагер-ұстаз Нұридин Шәмшіұлы ендігі кезекте тіліміздегі дыбыстық жүйелердің нақ анықталып, қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатын кезең туғанын әңгімеледі. Сонымен қатар, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Жүсіп те сөз алып, ойын ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
Орынбай Рахманбердиев:Елбасы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы тағылымды шешім қабылдады
Өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда қызу талқыға түскен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең кезеңімен және жүйелі түрде көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Елбасының бұл тарихи әрі саяси шешімі оңтүстікқазақстандықтардың да ерекше қолдауына […]
Ордабасы ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытатын 4 мыңнан астам жобаға қаржылай көмек берілген
Ордабасы ауданында 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 27,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,8 пайызға артқан. Ал одан түскен салық көлемі 406 млн. […]
Ордабасыда «Көнеден жеткен сыр-сандық» шарасы өтті
«Ардагерлер кеңесі» облыстық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «Ата-баба дәстүрі–ұрпаққа аманат» бағдарламасы аясында бүгін Ордабасы ауданында «Көнеден жеткен сыр-сандық» тақырыбында ауданаралық іс-шара өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов бастаған топ алдымен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы облыстық спорт […]
Пікір қалдыру