Ордабасыда 10 азаматқа арнайы құралдар табысталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков 10 азаматқа сурдо-тифлотехникалық құралдар табыс етті. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 62 есту қабілеті төмен мүгедектерге бүгінгі таңда 5 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметі көрсетіліп жатыр. Жыл басынан бері міндетті гигиеналық құралдарға 352 мүмкіндігі шектеулі жаннан өтініш түскен. Мұнан өзге, жүріп-тұруы қиын І топтағы 50 мүгедекке 41 жеке көмекші бекітілгенін де айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы қыркүйек айындағы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес ашылған мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесіне 112 бала есепке алынып, олармен 22 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеп жатқанын айтпай кетуге болмас. Қазіргі таңда, Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 12 балаға жолдама беріліп отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*