Астанада оңтүстікқазақстандықтар ұымдастырған «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі — Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесіне «Қол өнерім-өнегем атты бұрышта қазақ халқының этнографиялық коллекциялары, аяққаптар, қоржындар, шашақбаулар, басқұрлар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлықтар мен ұлттық бұйымдар қойылса, «Тарихи мәдени ескерткіштер» тақырыбында Домалақ ана, Бәйдібек ата, Ысқақ баба, Баба Түкті шашты Әзіз кесенелерінің фотосуреттері мен макеттері, VIII- IX ғ.ғ. қыш ыдыстары ілінді. Сондай-ақ көрмеде «Қолөнер бұйымдарын сату бұрышы», «Көне кітап әлемі» — кітаптар бейнеленген фотосуреттер, көне кітаптар, «Хандық дәуір» — хандық дәуірді көрсететін кескіндемелік картиналар, сауыт, қару-жарақ, Хан тағы, Тайқазан, Лауха тағы да басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, көрмеге келушілерді әсіресе, ұлы сазгер — Шәмші Қалдаяқовтың, күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлының кескіндемелік фотосуреттері мен портреттері, олардың жеке қолданған заттары, медальдары, жарнама қағаздары таң-тамаша еткен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы […]
ОҚО-да жүзеге асатын «Нан қасиеті»,»Ажарлы үй ырысты» жобалары жайлы не білесіз?
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ақпарат толқыны» бағдарламасы шеңберінде, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ысырапшылдық пен астамшылдыққа қарсы көзқарас қалыптастыру мақсатында, «Нан қасиеті» жобасы жүзеге асырылмақ. Жоба шеңберінде айына 2-реттен жыл бойы 24 бағдарлама түсіру […]
ОҚО-да республикалық фермерлер одағының алқалы жиыны өтті
Биыл Қазақстан фермерлер Одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында ғылыми конференция ұйымдастырылды. Облыстық фермерлер одағы мен ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған алқалы жиынға республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрінов, […]
Пікір қалдыру