Оңтүстік тегі «Бадам» индустриялды аймағында жылына 50 мың дана газ плитасын құрастыруға қауқарлы өндіріс орны ашылды. Жобаның құны – 102 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорында қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталып, іске қосылған. Жаңа кәсіпорынның жұмысын оң бағалаған облыс әкімі жергілікті билік тарапынан көрсетіліп отырған көмектердің тиімділігіне тоқталды.«Қазақстан мен Өзбекстанның байланысы жаңа деңгейге көтерілді. Күні кеше ғана Елбасымыз Н. Назарбаев Ташкентке ресми сапармен барып, бірқатар жаңа келісімдерге қол жеткізді. Көрші елдің үш облысымен өзара түсіністік меморандумдарына қол қойдық. Жылы қарым-қатынастың алғашқы жетістіктері де көріне бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасына жаңа серпін беретін индустриалды-инновациялық жобаларға қаржы салушы инвесторларды қашанда қолдауға әзірміз. Ең бастысы – ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие, өнім өндіретін кәсіпорындардың қатарын көбейтуіміз керек. Бүгінгі біз аралап көрген кәсіпорынның өнімдеріне ішкі және сыртқы нарықтан да сұраныс мол болатынына сенімдімін» , — деді Жансейіт Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Өзбекстанның үш облыс әкімімен меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында […]
ОҚО әкімі ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановпен кездесті
Биыл ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов 75 жасқа толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақынмен арнайы кездесіп, мерейлі мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, кездесу барысында өңір […]
ТҮРКІСТАН: ЕЛБАСЫНЫҢ СЫНЫПТАСЫ ЖЕТІСАЙ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Тұңғыш Президентіміз Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы жерлесіміз, ауданның құрметті азаматы Роза Төлемісова аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу кешке аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым […]
Пікір қалдыру