Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы жаңа фабрика іске қосылды. Өндіріс орнының құны 506 млн теңге. Бұл жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алып отыр. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын да айта кеткен жөн.Жиһаз фабрикасының жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өз кезегінде бүгінде өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бұл ел экономикасының дамуының кепілі екенін айтып өтті.«Жалпы өнеркәсіпті дамыту Елбасымыздың біздің алдымызға қойған міндетінің бірі. Бүгін міне, Сайрам ауданында қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Сонымен қатар, фабриканың ашылуымен ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі артатын болады. Сіздер өз сөздеріңізде фабриканың өнімі Италия жиһаздарынан кем болмайды дедіңіздер. Бұдан былай жұрт «Сайрам сапасы» деген терминді қолданатындай дәрежеге жетіңіздер»,-деген әкім кәсіпорынның жұмысшыларына сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ж.Түймебаев америкалық туристерге шапан мен қамшы сыйлады
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы,рухани астанаға келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады. Сонымен қатар, Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін артқарылып жатқан жұмыстармен таныстырғанын да айта кеткен жөн. «Сіздерді қасиетті қаламыздың […]
ОҚО-да халықаралық AgriTek Shymkent’2017 көрмесі ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесі өз жұмысын бастады.Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл […]
ОҚО-да «Рухани жаңғыру: Береке басы – бірлік» келелі жиын өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. «Рухани жаңғыру: Береке басы – бірлік» атты жиынның мақсаты […]
Пікір қалдыру