Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы жаңа фабрика іске қосылды. Өндіріс орнының құны 506 млн теңге. Бұл жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алып отыр. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылғанын да айта кеткен жөн.Жиһаз фабрикасының жұмысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өз кезегінде бүгінде өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бұл ел экономикасының дамуының кепілі екенін айтып өтті.«Жалпы өнеркәсіпті дамыту Елбасымыздың біздің алдымызға қойған міндетінің бірі. Бүгін міне, Сайрам ауданында қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Сонымен қатар, фабриканың ашылуымен ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі артатын болады. Сіздер өз сөздеріңізде фабриканың өнімі Италия жиһаздарынан кем болмайды дедіңіздер. Бұдан былай жұрт «Сайрам сапасы» деген терминді қолданатындай дәрежеге жетіңіздер»,-деген әкім кәсіпорынның жұмысшыларына сәттілік тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Түркістанды туризм орталығы ретінде дамыту концепциясымен таныстырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өтетін алқалы жиығда келген археолог ғалымдар мен сәулетшілерге, ақсақалдарға Түркістанның даму коцепциясын көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, киелі Түркістан шаһары айналасында тарихи-ескерткіштерден […]
Сайрам ауданының әкімі аймақтағы кәсіпорындармен танысты
Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, Сайрам ауданы бойынша өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылып отырған «Bella Mebel», «Бірлік-4» ЖШС-і кәсіпорындарын және «Манкент» АҚ шипажайына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты. АҚ «Манкент» шипажайы […]
Ж. Түймебаев Германияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті. Кездесу барысында қос тарап өзара ынтымақтастық тетіктері жайын талқылап, екіжақты қатынастарды дамыту туралы пікір алмасты.Өңір басшысы Германияны Қазақстанның Еуропадағы […]
Пікір қалдыру