Сайрам ауданында жаңадан іске қосылған жиһаз фабрикасы өнімнің сапасы жоғары сапалы неміс және итальяндық жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы қамтамасыз етілетінболады. Сонымен қатар, фабрика өнімдері сапа менеджменті мен экологиялық таза деген сертификатпен расталғанын да айта кету керек. Бұдан бөлек, өндіріс орны итальяндық дизайнерлердің қатысуымен экологиялық таза материалдарды және сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынуды көздеп отыр.Ал, «Bella Mebel» тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдерін алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы жиһаз дүкендерінен сатып алуға болатынын айта кеткен жөн.Қазіргі таңда, Сайрам ауданындағы өнеркәсіп құрылымының 86 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр. Оның ішінде жиһаз шығару саласындағы үлесі 1 пайызды ғана құрап келген еді. Осы ретте, ауданда ашылып отырған жиһаз шығаратын фабрика өнім көлемін 600 млн.теңгеге дейін арттырып, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3 пайызға дейін артпақ.
Ұқсас жаңалықтар
ТҮРКІСТАН ЖИҺАЗЫНА КӨРШІ ЕЛДЕРДЕН СҰРАНЫС КӨП
Соңғы жылдары Түркістан облысында кәсіпкерлікке басымдық беріліп, жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беріп […]
Сайрам ауданында алты сүт өңдеу цехтары жұмыс істеп тұр
Сайрам ауданында ет өндірумен қатар сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда. Ал аудан халқына сүт өнімдерін өткізу аса қиынға соғып отырған жоқ. Өйткені, Сайрам ауданында орналасқан 6 бірдей үлкен сүт өңдеу цехтары және Төлеби […]
Сайрамда кәсіпкерлік қанат жайып келеді
Сайрам ауданындағы «Бірлік-4» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен. Сонымен қатар бүгінде мұндағы көкөніс сақтайтын қойманың құрылысы аяқталған. Өндірістік кешендердің ҚМЖ 2017 жылдың 4-ші тоқсанында аяқталады. Сонымен қатар 4 тоқсанда Германия және Қытайдан […]
Пікір қалдыру