Сайрам ауданының әкімі аймақтағы кәсіпорындармен танысты

Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, Сайрам ауданы бойынша өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске асырылып отырған «Bella Mebel», «Бірлік-4» ЖШС-і кәсіпорындарын және «Манкент» АҚ шипажайына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып шықты.

АҚ «Манкент» шипажайы Ақсукент ауылы, Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
12 гектардан асқан шипажайы аумағында бау-бақша мен саябақ арасында 25 орынды ұйықтайтын және емдейтін корпустар, балшықпен емдейтін емхана, сұлулық және SPA-салондар, мини-маркеттер, мейрамханалар, кафелер, бұрқақтар, мәдени-ойын орталықтар, балалар және ересектердің ашық бассейндері, жаттығу залы, спорт алаңдары мен теннис корттары бар.
«Манкент» шипажайы медициналық профильді мамандандырылған бальнеоклиматтық шипажай. Мұнда перифериялық нерв пен сүйек-бұлшық еттер жүйелерін, ішкі құрылыс органдары мен тыныс мүшелерін, урология мен гинекология аурулары, зат алмасуының бұзылуын емдейді.
Минералды суды емдік су ретінде ішкізеді, асқазанды және трансдуоденалдық тазарту үшін дюбажға, ішек пен гинекологиялық органдарды жуу, ванна қабылдау үшін қолданады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*