18 қазан – Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі бір топ діни конфессиялардың басшыларымен кездескенін айта кету керек. Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.Кездесуде барысында сөз алған өңір басшысы Жансейіт Қанмсейітұлы мерекенің маңыздылығына тоқталып, облысымыздағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі жайлы және қоғамдағы рөлін сөз етті.«1992 жылы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өткен болатын. Сол конгресте қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау туралы манифест қабылданған-тын. Содан бері жыл сайын біздің елімізде 18 қазан — Рухани келісім күні мерекесі аталып өтілуде. Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінде еліміз әлемге ынтымақ пен бірлігі жарасқан, коп конфессиялы мемлекет ретінде танылып отыр», — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласында фронт-офис ашылды
Түркістан қаласында экономикалық соттың жанынан фронт-офис ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған бастаманың мақсаты — халыққа сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету. Жаңадан жұмысын бастаған нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының […]
Оңтүстіктегі 8 ескерткіш «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымына кірген
«Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша 8 ескерткіш Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Олар – Сауран, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар, Бөржар ескерткіштері. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық […]
ОҚО әкімі Шымкенттегі Төлеметов көшесін қайта құру жұмыстарымен танысты
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінің қайта құру жұмыстарына куә болды. Құжаттағы атауы — «Кіші айналма жолды қайта құру» (Қалалық қоқыс орнынан Жібек жолы көшесіне дейін ПК 63 – ПК 107) деп […]
Пікір қалдыру