Ордабасы ауданы әкімдігінде «Қазақстанның эволюциялық дамуы — ұлт өркендеуінің алғышарты», «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы және Рухани жаңғыру мақсаттарын жүзеге асыру» тақырыбында жиын өтті. Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы сөзді «Интелект-Эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Саттар Мәжитов алып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласындағы негізгі міндеттерге тоқталды.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Гүлжан Әбдікерімова қазақ әліпбиінің латынға көшірілуіне қатысты маңызды қадамның игіліктері жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, Шымкент қалалық білім бөлімінің жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының магистрі Бақытжан Мұстафаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ләззат Рсмбетова тақырыпқа орай баяндама жасап, прагматизм, ұлттық код, сананың жаңғыруы туралы айтып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков бұл бағытта атқарылған тірліктерді тілге тиек ете отырып, аудан қонақтарына ордабасылықтар атынан алғысын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасы ауданының әкімі жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды
Ордабасы ауданында жұмыссыздықтың алдын алу бойынша аудандағы атқарылған тірліктерді аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Жұмыспен қамту орталығына арнайы барып көрді.Сонымен қатар, жыл басынан бері Ордабасы ауданы бойынша Жұмыспен қамту орталығына 3552 адам өтініш білдірсе, оның ішінде […]
Ордабасы ауданында 4 айда 13 кооператив құрылған
Пайданың көзі – кооперативте. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Яғни, Ордабасы ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынмен қолға алынуда. Нәтиже – баршылық. Мәселен, ауданда соңғы 4 айда 13 […]
Ордабасы ауданында 862 гектар жер қорына қайтарылған
Ордабасы ауданында жер қатынастары саласындағы жұмыстарды іске асыруға және жер ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған, сондай-ақ жер реформасын түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, мақсатын атап өтті. Облыс деңгейінде жер қатынастары саласындағы […]
Пікір қалдыру