Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында айқындалған міндеттердің бірі — қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшірудің мәні мен маңызын түсіндіру мақсатымен бүгін аудандық жастар орталығы дөңгелек үстел өткізіп, белсенді жастармен кездесті. «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында өрбіген бұл басқосуға аудандық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нүркен Әліпбек, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Нуриддин Шәмші, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арсен Ахметов қатысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп жарқын болашаққа бағдар жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Осы орайда Ордабасы ауданының жастары мемлекетіміздің төл әліпбиін қолдайтынын айтып, жеткіншектер арасында белсенді түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізетіндерін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыда электронды қолтаңбаның мүмкіндіктері түсіндірілді
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған кезекті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді. Электронды үкімет — мемлекеттік органдардың мемлекеттік […]
ШЫМКЕНТ: ЖАСТАР ӨЗГЕРУДІ БАСТАДЫ
«Жастар өзгеруді бастады! Сенде өзгер!» ұранымен «Jas Otan» жастар қанаты «Бірге өзгер» атты акциясын жариялайды. А. Асқаров атындағы дендросаябақта шымылдығын түрген игі шара 26.10.2020 – 06.11.2020 аралығында 10 күн бойы жалғасатын болады. Қазіргі таңда […]
Ордабасыда халықаралық талапқа сай ұн өндіріліп жатыр
Ордабасы ауданында «Ордабасы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заманауи үлгідегі Түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін өндіріп жатыр. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға сай. Ал, өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген.Айта кету керек, алғаш рет жұмысын 2008 […]
Пікір қалдыру