18-қазан — Рухани келісім күніне орай бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінде ауыл имамдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Рухани келісім – мемлекет дамуының маңызды факторларының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында ұлттық кодтың маңызы, рухани жаңғырудың болашақ үшін әсері кеңінен баяндалғаны баршаға аян. Ал, биылғы дәстүрлі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еліміздің Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келетінін айтты. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізуді жүктеді. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруды тапсырды. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов еліміздің Конституциясында Қазақстан Республикасы дін мемлекеттен бөлінген зайырлы мемлекет екендігі нақты айқындалғанын, дегенмен, мемлекет дамуында ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің ерекше маңызы барын атап өтті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуахасов рухани келісім күнінің шығу тарихына тоқталып, оның мәнін аша түсті. Ауыл имамдары көкейіндегі мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты. Дін мен дәстүр үндестігін сақтап, ел игілігі үшін аянбайтындарын жеткізді. Жиын соңында Рашид Үсіпханұлы дін қызметкерлеріне Алғыс хат тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ордабасыда егістің гектарынан 18,2 центнерден өнім алынды
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығына жақын орналасқан Ордабасы ауданында биыл ақ егістің көлемі 17617 гектарға жетеді. Нақтырақ айтқанда, оның ішінде ас атасы бидай — 16 367 гектарға, арпа 1250 гектарға егіліп отыр. Яғни, бұны былтырғы жылдармен […]
Ордабасылық шаруалар «еңбек етсең емерсің» дейді
Орадабасы ауданындағы «Сабыр» шаруа қожалығының егістік көлемі — 430 гектарды құрап отыр. Биылғы жылы тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағыты бойынша 3 млн. 519 мың теңгеге 100,3 тонна жеңілдетілген аммиак селитрасына қол жеткізген. Шаруа қожалығы «Ынтымақ» өндірістік […]
Ордабасыда «Жанарсызда өмір жалғасады» шарасы өтті
Қазақ соқырлар қоғамына 80 жыл толуына және Зағиптарды қорғау күніне орай бүгін Ордабасы ауданында салтанатты жиын өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков ашып, жанарынан айырылса да, қайсарлығымен, өмірге құштарлығымен өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтардың […]
Пікір қалдыру