Көкмардан ауылында «Алтын күз-2017» мерекесі өтті

Отырар ауданындағы Көкмардан ауылында аудан әкімі Ерлан Айтахановтың тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2017» мерекесі өтті.
Кәсіби мерекеге аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов қатысып, талаптылықтарды ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің мерекесімен құттықтады.Құттықтау сөзінде: «Күлімдеген көктем, жайдарлы жаз артта қалып, берекелі күзде ырысымен келіп отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де мерекенің мәнін ашуда. Жәрмеңкеде біріншіден, ауыл шаруашылық өнімдерін нарықтағыдан төмен бағада саудаланса, екіншіден жергілікті өнімдердің қандай да бір делдалсыз өткізілуіне қол жеткіземіз және өз өнімдеріміздің брендін қалыптастырамыз. Осы мақсатта бір ай ішінде осыменен үшінші жәрмеңке өткізілуде» деп атап өтті.
Ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының дамуына, облыстық деңгейдегі белгіленген межеден көрінуде Талапты ауыл округі еңбеккерлерінің қосқан үлесі орасан. Атап айтқанда, ауыл округіндегі «Құбан ата» шаруақожалық төрағасы Өсербай Жүнісов уақ мал шаруашылығын дамытса, Мұхтар Бейсенбиев жылқы малын өсіруде мол табысқа кенелді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*