Ордабасы ауданының орталығында жергілікті тауар өндірушілердің апта сайын өткізілуі жоспарланған жәрменкесі 3 рет өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, жәрменкеге кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Оңтүстік» Азық-түлік компаниясы» келіп, қатысып тұрақтандыру қорынан әлеуметтік тауарларды (картоп 1кг-85т, сәбіз 1кг-80т, пияз 1кг-50т, макарон өнімдері 1кг-145т, күріш 1кг-180т, құмшекер өнімі-170т) тұрғындарға қол жетімді бағада ұсынып отырғанын ерекше айта кету керек.Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлының, «Атамекен» әлеуметтік дүкендері желісін кеңейту тапсырмасы бойынша, бүгінгі таңда аудан орталығында 3 әлеуметтік дүкен (Шұбарсу, Төрткөл, Бадам ауылдық округтерінде) және «Әлеуметтік халықтық базар» жеке кәсіпкер «Жан алтын» көкөніс базарында ұйымдастырылып жатыр. Нәтижесі де жаман емес. Әлеуметтік халықтық базардағы аса маңызды ауылшаруашылығы тауарларының бағасы жұмыртқа I-категория 1 дана 23-24 теңге, картоп 1кг-85 теңге, сәбіз 1кг-80 теңге, пияз 1кг-50 теңге, қырық қабат 1кг-45 теңге. Құс еті 1кг- 580 теңгң.
Ұқсас жаңалықтар
БАҚЫЛАУДАҒЫ БАҒА ТҰРАҚТЫ
Үкімет қаулысына сәйкес 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілген. Бүгінде елімізде бірқатар азық-түлік тауарының бағасы өндірушінің өзіндік құнының артуымен және өндірісте пайдаланатын шикізат бағасының өсуіне байланысты қымбаттаған болатын. Алайда, әлеуметтік маңызы бар азақ-түліктің бағасы […]
ҚАЛАДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Шымкентте халық тұтынатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры жеткілікті. Дистрибьютерлік компаниялардың қоймаларынан азық-түлік өнімдері тұрақты бағада әрі жеткілікті көлемде босатылып жатыр. Жергілікті халық бір жылда 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын […]
Түркістан қаласы маңынан 6 000 гектар аумаққа азық-түлік белдеуі құрылады
Президентіміз Жолдауында: «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет — еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту», — деген болатын. Бұл жоспар бойынша Түркістан облысы […]
Пікір қалдыру