Оңтүстік Қазақстан облысынің әкімі Ж.Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарын Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы нан» ЖШС-нің жұмысымен танысудан бастады. Аталған серіктестік негізінен заманауи үлгідегі түрік технологияларын пайдаланып, сапалы ұн өнімін шығарумен айналысады. Өнім халықаралық деңгейдегі мемлекеттік талаптарға, ал өндіріс қондырғылары халықаралық стандартқа сәйкестендірілген. Алғаш рет жұмысын 2008 жылдың 2-ші тоқсанында бастаған серіктестік 2015 жылы өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен диірмен құрылысын ұлғайтып, түрік технологиясымен жаңа қондырғылар орнатылған. Нәтижесінде мұнда тәулігіне 450 тонна бидай өңделіп, ұн өнімдері өндіріледі. Бұл жобаның жалпы инвестициялық құны 2 млрд. 680 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Ордабасы нан» өнімдері отандық нарықпен қатар, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталуда.Мұнан соң облыс әкімі Бөржар ауыл округіндегі «Миграж-Б» ЖШС-нің мал бордақылау алаңын да аралап көрді. Бұл кешен бір мезетте 200 ірі қара мал мен жылқы бордақылауға ыңғайластырылған. Мұнда жылына 70 тонна ет өндіру жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі жер қойнауын заңсыз пайдалануға жол берген жауаптыларға тәртіптік шара көруді тапсырды
2017 жылдың сәуір айынан бастап ОҚО-дағы Сайрам ауданында 12 нысан тексеріліп, заң бұзушылықтарды жою жөнінде берілген нұсқамалардың 3 айлық мерзімі өткенімен, бүгінгі күнге кәсіпорындарға нақты шаралар қабылданбаған. Бір қызығы, бүгінге дейін облыс бойынша бірде — […]
ОҚО-да медицина қызметкерлері марапатталды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, денсаулық саласында талмай еңбек еткен дәрігерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің құрмет Грамотасы мен Алғыс хатымен марапаттады.Мерекелік шарада сонымен қоса, өзгеде мереке иелеріне ҚР денсаулық сақтау […]
ОҚО әкімі Жұмат Шанин атамыздың ұрпақтарымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» атты еске алу салтанатты кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында театр тарланының туған немерелері «Түрік әлемінің рухани мұрасы» қоғамдық […]
Пікір қалдыру