Президент тапсырмасына орай Мақтаарал ауданында үш тұғырлы тіл саясатын ұстанатын балабақша бар. Мұнда балалар қазақ, орыс тілімен қоса ағылшын тілінде де амандасып, санап үйреніп жүр. Шет тілін үйренуге балалардың құлшынысы зор дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Әбдіжаппарова. Себебі шет тілін меңгерту әдісі өзге сабақтарды оқытуға ұқсамайды. Мұнда жаңашылдық басым. Сабақта аудио, видеожазбалар қолданылады. Шетелде білім алып келген жас маман бүлдіршіндердің сабаққа ынтасын ашу үшін барын салуда. Ағылшын пәнінен білген-түйгендерін балалар тәрбие сағаттарында да бір-бірімен жарыса көрсетеді. Алдымен қазақша, сосын орысша, соңынан ағылшынша тақылдай тақпақ айтады. Білім саласы өкілдерінің сөзіне сенсек, өңірде соңғы 2 жылда үш тілді тәрбе беруге көшкен балабақшалар саны артып келеді. Мектеп жанына ашылған 350 шағын орталық қазір осынау жүйеде жұмыс жасайды. Онда 21 мыңнан астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақша түлектерінен болашақ полиглоттардың шығатыны анық.
Ұқсас жаңалықтар
«Еңбек» бағдарламасын насихаттаушылар Жетісай мен Мақтаарал аудандарына барды
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірден азаматтарды солтүстікке көшіру бойынша ақпараттық насихаттық жұмысты қолға алғаны белгілі. Мақсат — Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасын халық […]
Шымкент қаласының әкімі білім ошақтарындағы жөндеу барысын көрді
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бүгін қаладағы білім ошақтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен №49 «Жасұлан» балабақшасына барды. Іргетасы сонау 1982 жылы қаланған нысанға күні бүгінге дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Биыл ғимаратты […]
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА КӘСІПКЕР 5 МЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕНІ ТЕГІН ТАРАТТЫ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Азала текстиль» фабрикасы мен «Мырзакент» мақта өңдеу зауытына иелік ететін «Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді. «Nur Otan» партиясының […]
Пікір қалдыру