Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың даңғыл жолына түскенге дейінгі атқарылған жұмыстардың барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін ерекше айта кеткен жөн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы осы уақыт аралығында Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, көпұлтты халықты игілікті істерге біріктірді. Осылайша ол, дінаралық келісім мен этносаралық татулықты серік еткен бейбіт елдің басшысы ретінде әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғаға айналды.Бүгін 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Ордабасы ауданында мерекелік жиын өтті. Орталық алаңда мерекеге орай жәрмеңке ұйымдастырылды.Мәдениет үйіндегі салтанатты шараны аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев ашып, ордабасылықтарға аудан әкімінің құттықтауын жеткізді. Ауданымыздың алтын құрсақты аналары осы күні «Алтын» мен «Күмістен» алқа тағынды. Әр салада тиянақты тірлігімен ерекшеленген азаматтар Алғыс хатпен марапатталды. Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концертке ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Түркістан облысының әкімін қабылдады
Кездесуде Қазақстан Президентінің былтырғы желтоқсан айында Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды «Күнгей.кз» ақпарат агенттігі Ақ орда сайтына сілтеме жасап. Облыс әкімі Елбасыға негізгі әлеуметтік маңызы бар […]
Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасы құрған бірегей институт
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті. Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық […]
Ордабасыда электронды қолтаңбаның мүмкіндіктері түсіндірілді
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған кезекті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді. Электронды үкімет — мемлекеттік органдардың мемлекеттік […]
Пікір қалдыру