ОҚО-да қалың бұқара арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін тың жобалар жасалуда

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша маргиналды жастарды спорт түріне тарту мақсатында арнайы «ШымкентФест» және «Street Workout» жобалары іске асырылуда.Атап айтқанда, наурыз-сәуір айларында облыс әкімдігі мен прокуратураның бірлескен «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» жобасы аясында, «Street Workout» көше спорты түрінен 3 облыстық турнир ұйымдастырылды, турнирге 500-ге жуық жас қатысты.

Қазіргі таңда облыста 29 «Street Workout» көше спорттық алаңша(Шымкент қаласында – 8, Арыс қаласында – 5, Мақтарал ауданында – 12, Ордабасы ауданында – 1, Төлеби ауданында – 1, Түлкібас ауданында – 2) ашылып, жастардың пайдалануына берілді.

Қосымша Шымкент қаласында – 2, Сарыағаш ауданында – 9 «Street Workout» көше спорттық алаңшаларын салу жоспарлануда, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мұндай мәліметтер жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың облыстық мәслихаттың алдында өткен жеті айда атқарған жұмыстары бойынша берген есебінде айтылды.

Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінгі таңда 762,1 мың жас бар. Бұл жалпы облыс халқының 26,8 пайызын құрайды. Жастардың 333,2 мыңы қалада, 429 мыңы ауылдық жерде тұрады.

Облыста студенттердің саны – 115 745, оның ішінде 44 860-ы жоғары оқу орындарында, 70 885-і колледждерде білім алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*