Шардаралық колледждер балық зауыттарына мамандарды даярлауда

Шардарадағы №16 колледж 2014 жылдан бері дуалдық оқу жүйесіне көшкен. Осының арқасында өңірдегі балық зауыттарына қажетті маман даярлауда. Екі жақты меморандум жасасып, жұмыс берушінің өтінішімен «Техник-технолог», «Балықшы» мамандығы бойынша студенттерді оқып жатыр. Сонымен қатар, зауыттағылар дуалдық оқыту бағдарламасы өндірістің дамуына қосымша серпін беретініне сенімді.Оразбай Оспанов, балық зауытының атқарушы директоры: – Біздің зауыт өнімдерін экспортқа шығарады. Еуропаға балық өнімдерін жіберу үшін кәсіби мамандар керек. Бұрын маманды сырттан алдыратын болсақ, қазір заман талабына сәйкес, өзіміз дайындау мәселесін көтердік.

Айта кету керек, кәсіптік білім беру мекемесінде оқу бағдарламалары модульдік оқыту жүйесіне бейімделіп жасалған. Мұнан өзге, шалғайдан келетін ауыл балаларын жатақханамен де қамтыпты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы бойынша мұнда 120 адам 3 айлық курста білім алуда. Мақсат – еңбек нарығының талаптарына сай сапалы маман шығару.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*