Түркістан облысының журналистері Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінде орналасқан «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехының жұмысымен танысты. Айта кету қажет, бұл цех 2012 жылы өз жұмысын бастаған. Шағын өндіріс орны алты жыл ішінде жан-жақты даамыпғ қуаттылығын арттырып отыр.Бүгінгі таңда цехт бір ауысымда төрт мың блок өнім (сағыз) өндіреді. Жобаның жалпы құны жетпіс миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын директоры Қ.Жаназаров сағыз шығаруға қажетті шикізаттарды қазіргі таңда Түркия елінен алып отырғанын айтады. Және де өндірілген өнімдер ішкі нарықта аса жоғары сұранысқа ие екен. Сонымен қатар қатар, кәсіпкер бұл сағыздарды Орта Азияның Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан секілді елдеріне экспорттап жатқанын да айтып қалды. Мұнан өзге «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехында 1 ауысымның өзінде 30 адамды жұмыспен қамтылғанын да айтып кету керек. Кәсіпорында негізгі жұмысшыларын жастар құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШЫН МӘНІНДЕ КӨМЕККЕ ЗӘРУ ЖАНДАРДЫ ҚОЛДАУДЫ МІНДЕТТЕДІ
Түркістан облысының әкімі көмекке зәру отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнен басқа да қолдау көрсетуді жетілдірудің тиімді тетіктерін табуды жүктеді. Әрбір аудан мен ауыл басшыларын ондай азаматтармен жеке жұмыс жасауды міндеттеді. Осы және өзге де маңызды […]
Түркістан: «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйытқы болуымен тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілуде
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, Түркістан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Асыл Алдаберген жұмыс нәтижелерін айтып берді. Мәселен, кеңсе жанынан билік институттарына қоғамның сенімін арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасы іске қосылған. Жоба аясында тұрғындарға тегін құқықтық […]
Ж.ТҮЙМЕБАЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы директоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Жүздесуде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарының бірі — кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері қаралып, қолжетімді […]
Пікір қалдыру