ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШҚЫ БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қала күні» мерекесінің қарсаңында «RIXOS KHADISHA TURKESTAN» бес жұлдызды қонақ үйінің капсуласын салу рәсіміне қатысты. Онда қонақ үй кешенін жобасымен танысып, құрылыс жұмыстарын салтанатты жағдайда бастап берді. Жиында барысында аймақ басшысы атқарылып жатқан бұл шаралар — Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы етудің алғы шарты екенін атап өтті.
«Біздің облыс тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерге бай өңір. Мұндай жерлерге туристер көптеп ағылатыны мәлім. Сондықтан да біз туристік инфрақұрылымды барынша жақсарта түсуіміз керек. Яғни, шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие. Демек, қаламыз қонақтардың жүріп-тұруына ыңғайла болса, келетін туристердің саны да арта түседі. Осы ретте, өз қаражаты есебінен осындай зәулім ғимарат салғалы жатқан Серікжан Сейтжанов мырзаға алғыс білдіремін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*