Былтыр Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында 30 жуық сенбілік өткізіліп, қоқыс полигонына 18 мың куб қоқыс шығарылған. Бұл жөнінде Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда өткен халық алдындағы жылдық есебінде баяндады- деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған «таза қала» акциясының «үздік аула» номинациясы бойынша Әл-Фараби ауданынан 112 аула, «үздік көше» аталымына 20 көше қатысуға ниет білдіріп, өтініш берген екен.
«Яғни аталмыш акцияға біздің ауданнан жалпы саны 132 өтініш қабылдадық. Осының нәтежиесінде Әл-Фараби ауданы шаһардағы «ең үздік» және «ең таза аудан» деп танылды. Осыған атсалысқан барша тұрғындарға ризашылығымызды білдіреміз»,- дейді аудан әкімі.
Пікір қалдыру