ТО: САРЫАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Сарыағаш ауданы әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, Дарбаза елді мекенінің көшелеріне бастау алған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аралау барысында аудан басшысы тиісті бөлім басшысына жол жөндеу жұмыстарына бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Келесі кезекте , аудан әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысы жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Сонымен қатар, жауапты мердігер мекеме өкілімен және ауыл тұрғындарымен кездесті.
Қазіргі таңда, ауыз су жұмыстарын тексеру және кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде.
Атқарылған жұмыстарды саралаған аудан басшысы жоспарланған жұмыстары тез арада жүргізу қажет екенін атап өтіп, жауапты мекемемен ауылдық округ әкіміне жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.Сонымен қатар, елді мекен тұрғындарының саны артуын және үй шаруашылығында ауыз судың пайдалану көлемін көтеру мақсатында су дебитін көбейту үшін қосымша су көздерін қосу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
 Сонымен қатар, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қаланы дамыту жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан абаттандыру және көгалдандыру, тазалық жұмыстарына арнайы барып, аралап көрді. Аудан басшысы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңызын айтып, қала аумағында гүлдер отырғызу, қураған ағаш бұталарды ретке келтіру, бордюрлерді жаңарту, көшеттерге суғару жүйелерін тарту, қоршау жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, қалаға қарасты орталық көшелерде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарын саралады.
Орталық алаңнан бастау алатын Сарыағаш қаласына қарасты Ысмайылов көшесінің бойымен Қабланбек көшесіне дейін жаяу жүріп аралаған аудан әкімі Сарыағаш қаласының санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты «АРТД Групп» мекемесінің өкіліне жұмысшылар санының аз болуы жұмыс атқару сапасына кері әсерін тигізіп жатқанын осы орайда сапасы қанағаттарлықсыз екенін атап, бірқатар ескертпелер берді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан наразылықтар түсіп жатқанын да атап өтіп, салаға жауапты орынбасарларына аталған мекеменің қызмет көрсету мерзімін заң аясында қарастыруды тапсырды.
Келесі кезекте, аудан әкімі Сарыағаш қаласына қарасты Б.Қасымбеков көшесі бойында орналасқан №3, №4 көпқабатты тұрғын үйлер аумағындағы спорт алаңшасының құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады. Аралау барысында тұрғындар аудан басшысына жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарына өз алғыстарын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Көпқабатты тұрғын үйлер аумағына аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тапсырмасына сәйкес 2023 жылы балалар ойын алаңшасының құрылысы жүріп, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, қоқыс жәшіктерімен жарықшамдары жаңартылды. Сонымен қатар, аудан әкімінің бастамасымен Сарыағаш қаласына кіреберісіне биылғы жылы күзде егілген жасыл екпелерді қоршау, суғару жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшыларына жұмыстарды сапалы түрде белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырып, қала әкіміне жұмысты ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды.
Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойындағы жасыл екпелерді суғару жүйесінің тарту, орнату жұмыстары жүргізілуде. Суғару жүйесі автоматтандырылған, тәуліктің белгіленген уақыттарында суару жүйесі өздігінен іске қосылып, аумақты ылғалдандырып отырады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*