Арыста шегірткеге қарсы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Шегірткелер бой бермей кетпес үшін мамандар оларды қанаттанбай тұрып, жойып жіберу жұмыстары қызу жүргізілген болатын.
Осы орайда, бүгін қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімі М.Қадырбек пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков, Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысының орынбасары Н.Кашкенов, облыстық аумақтық инспекциясы және «Республикалық фито-санитарлық диаганостика және болжамдау әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жауапты мамандары, қала және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлерінің қатысуымен шегірткеге қарсы күрес жұмыстарының қорытынды жиыны өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков мәселенің өзекті болғанына тоқталып, зиянкестерге биологиялық күрестің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізген қызметкерлерге алғысын білдірді.
Арыс қаласы бойынша шегірткеге қарсы 56,3 мың гектар жерге себіледі деп жоспарланса, шегірткенің көп болуына байланысты 106,3 мың гектар жерге шегірткеге қарсы дәрілер себілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға зиянкестерге дәрі шашатын 2 ұшақ пен дәрі шашатын қондырғылармен жабдықталған 4-трактор, 6-ГАЗ-66 жүк көлігі, 9-уазик, барлығы 21 техника мен 100-ден аса адам жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілген болатын.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*