Оңтүстікте өтіп жатқан «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі аясында Түркістан – Шымкент қалаларының тұрғындары мен қонақтары: М. Жанғазиев атындағы Қырғыз мемлекеттік қуыршақ театры, Абдолла Шаиг атындағы Әзірбайжан мемлекеттік қуыршақ театры, Түркиядан Адана қалалық муниципалдық театры және «Қаракөз» театрлары, сонымен қатар Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театры, Маңғыстау облыстық қуыршақ театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры және С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры ұжымдарының орындауында қазақстандық және шетелдік авторлардың туындыларын тамашалай алады.Осы орайда, барлық спектакль көрсетілімдерінің құрамына режиссер, Астана қаласы Қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ешмұратова Құралай Халекетқызы (Қазақстан), UNİMA Халықаралық қуыршақ театрлары одағының Түркиядағы мүшесі, сыншы, қуыршақ театрларын зерттеуші-жазушы Озхан Мевлут (Түркия), Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Орынбор облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Смирнов Вадим Александрович (Ресей), Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы, ҚР еңбек сіңірген артисі Сабила Абуева (Қазақстан), Д. Танасоглу атындағы Гагауыз ұлттық театрының директоры Михаил Константинов ( Молдова) төрелік ететін болады.Халықаралық шара қазылар алқасының қатысуымен баспасөз отырысынан бастау алған болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде фестиваль мақсаты мен талаптар сынды көптеген сауалдарға жауап берілді.«Ортеке» V Халықаралық фестивалі 9 маусымға дейін жалғасады. Жеңімпаздар ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының арнайы тағайындаған жүлделерімен марапатталады.
Ұқсас жаңалықтар
Аким города Шымкент доложил Президенту РК К.Токаеву об эпидемиологической обстановке
В ходе телефонного разговора с Главой государства Касым-Жомартом Токаевым аким города Шымкента Мурат Айтенов сообщил об улучшении эпидемиологической обстановки в городе. Аким города доложил о сегодняшней санитарно-эпидемиологической обстановке, мерах по противодействию распространения коронавирусной инфекции, обеспечению […]
Шымкенттік мұғалім «Үздік педагог» атанды
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң қазақ тiлi және әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi Бекжан Көпбосынов «Үздiк педагог – 2017» республикалық байқауының жеңiмпазы деп танылып, 2 млн. теңге сыйақыға ие болды. Мектеп мұғалiмдерi арасында өтетiн дәстүрлi […]
Түркістан қаласында жаңа шағын аудан бой көтеріп жатыр
Түркістан қаласын дамыту мақсатында соңғы жылдары кешенді жобалар қолға алынып келеді. Соның ішінде өңірдегі өзекті мәселелерді шешу мақсатында 30 мыңнан астам тұрғын үй мен жер теліміне деген азаматтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаланың шығыс бөлігінен «Отырар» […]
Пікір қалдыру