Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 2016-2017 оқу жылында халықаралық, республикалық пән олимпиадалардың және өнер мен спорт жарыстарының жеңімпазы болған 50 оқушымен кездесті.Кездесу барысында аймақ басшысы жеңімпаздарды халықаралық, республикалық жетістіктерімен құттықтап, бұл жеңістің – олардың таудай талаптан, асқан төзімнен, ынта мен ықыласынан туған жеміс екендігін атап өтті. Сондай-ақ, балалардың бұл жеңісінде ата-аналар мен ұстаздардың қосқан үлесі мол екенін жеткізді.«Облыс мерейін асырған талапты түлектер – Сіздерге және Білікті ұстаздарыңызға алғысым ерекше. Елімізді «Мәңгілік ел» жасауда нағыз болашақ қозғаушы күш ол жастар. Білім беру — қашан да ата-ананың бала алдындағы қастерлі қарызы, тұтас қоғамның ұрпақ алдындағы қасиетті парызы. Ал білім алу — ертеңінің еңселі болғанын қалайтын қай жанның да жүрекке түйген борышы. Өткен 2016 жылы түлектеріміз Астана – Алматы қалаларымен теңдей иық теңестіріп, ҰБТ көрсеткіші бойынша Республикада 18 оқушы ең жоғары 125 балға қол жеткізсе, соның ішінде 6 оқушы біздің облыстың түлектері. Бұл үрдіс бәсеңдеп қалмай, алдағы ҰБТ нәтижесі бойынша Сіздер жоғары көрсеткіш көрсетіп, облыстың мақтанышы болады — деп сенемін»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев Өзбекстанның үш облыс әкімімен меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында […]
ШЫМКЕНТ: МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді. — Қаламызда үш ауысымды мектептер […]
ОҚО-да 128 мектепті робототехника кабинетімен жарақтандыруға 748 млн. теңге бөлінді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2017 жылға арналған бюджет көлемі жалпы 507,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 млрд. теңгеге өсті. Негізінен мұнда облыстың әлеуметтік, экономикалық маңызды салаларына қажетті қаржы бөлінді. Атап айтсақ, облыс аумағында төтенше […]
Пікір қалдыру