ОҚО медицина қызметкерлеріне 29 автокөліктің кілті тапсырылды

Оңтүсітік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев емдеу-алдын алу мекемелеріне 29 санитарлық көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.   «Адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздің облысымызда бұл  салаға бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келеді. Соның арқасында біздің медициналық мекемелеріміз ең озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, емдеудің тиімді тәсілдері қолданылып келеді.Облысымыздағы медициналық ұйымдардың санитарлық автопаркін жаңарту халыққа көрсетілетін медициналық көмекті уақытылы және сапалы қол жетімдігін арттырады деп сенемін»-деді Жансейіт Қансейітұлы.Жаңа автокөлік науқасқа алғашқы көмек көрсету мақсатында барлық құралдармен қамтамасыз етілген. Яғни, медицина қызметкерлерінің бұл автокөліктер арқылы науқасқа кез келген жерде алғашқы көмек көрсетіп, емдеу жолдарын бастап кету мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, жедел жәрдем қызметінің және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің  санитарлық автопаркін жаңалау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Соңғы 5 жылда бюджет есебінен алғашқы медициналық-санитариялық және жедел жәрдем көмегіне 273 дана санитарлық автокөлік, оның ішінде 163 данасы ауылдық жерлерге сатып алынды.Санитарлық автокөліктер — облысымызда тәулігіне емханалық көмекке қаралатын 34 мың адамға, жедел медициналық көмекке жүгінетін 5 мыңнан астам адамға – медициналық қызметтің сапасын жоғарлауына өз септігін тигізеді. Облыс қөлеміндегі медициналық ұйымдар 1154 автокөлікпен қамтылған, оның ішінде жедел жәрдем көмегінде 261 дана санитарлық автокөлік.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*