Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жылына 500 мың тоннаға жуық жоғары октанды бензин шығармақ

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты биылдың өзінде жоғары октанды бензиндерді өндіру көлемін жылына 460 мың тоннаға дейін жеткізбек. Бұған қоса дизел отынын шығаратын болады. Оны жылына 226 мың тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Ал, авиа отынды 27 мың тоннаға арттыру жоспарлануда. CNPC компаниясының басшысы жаңғырту жобасының екінші кезеңі анағұрлым күрделі әрі мұнай өнімдерінің көлемін 6 млн тоннаға дейін ұлғайтуға болатынына тоқталды.«Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, бизнес әріптестік қарым қатынас жоғары деңгейге көтеріліп отыр. Осының негізінде қытайлық компаниялар Қазақстанға жылына 40 млрд доллар көлемінде салық төлейді. Бұл үлкен жетістік. Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірқатар әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына атсалысамыз деген ойдамыз», — деді  Биан  Дыжы мырза.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне сый-сипат жасады.  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұы шетелдік компания басшысын өзінің жеке қабылдауына арнайы шақырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*