Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жоспар бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс 19 білім ошағының 3-уі – Қазығұрт ауданында 2 мектеп, Сайрам ауданында 1 мектеп пайдалануға берілсе, қалған 16 білім ордасы жаңа жылға дейін жұмысын бастайды деп күтілуде. Аталған нысандар толық аяқталып, халық игілігіне берілгенде, Оңтүстіктегі 12 мың оқушы 8 апатты, 11 үш ауысымды мектептердің орнына сужаңа білім ошақтарында тәлім алатын болады.Өткен жылы «Нұрлы жол» аясында 10 білім беру нысаны халық игілігіне берілді. Мәселен, былтыр 9 мектеп (оның 2-уі апатты жағдайда, 7-үш ауысымды) пен 1 балабақшаның (тапшылық орын) жаңа құрылысы жүріп, балалар 1 қыркүйектен бастап жаңа нысандарда білім ала бастады. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету бойынша Шымкент қаласы мен Түлкібас ауданындағы 2 нысанға тиісті жұмыстар жүргізіліп, мерзімінде тапсырылды. Осылайша, 2016 жылы аталған бағдарлама аясында жүргізілген құрылыс нысандары арқылы 3655 адамға жұмыс орындары ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Төлебиде 4 мектептің құрылысына 1 миллиардтан астам қаржы қаралған
Төлеби ауданында су нысандары бойынша 2018 жылы арна түзеу, жаға бекіту және тазалау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 200 млн теңге қаржы қарастырылып аудан бойынша 4 су тоғаны және 39 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Бюджет […]
Ж. Түймебаев «Қылмысты азайтудың ұтымды жолы — жұмыссыздықты жою»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция бастығы, полковник Әбдіғани Сейдуалиев осы жылдың 5 айында атқарған жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігін […]
ОҚО СЕЙСМИКАЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ САМАН ЖӘНЕ ҚАМ КІРПІШТЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігі 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ-не сәйкес, сейсмикалық аудандарға жатады және құрылыс алаңшаларының сейсмикалығы 7-8 балды құрайды. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы міндетті түрде жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Жеке […]
Пікір қалдыру