Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар алты автомобиль жолы қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлінді.Атап айтқанда, осы жылдың екінші жарты жылдығында Сайрам ауданының орталығы Ақсукент пен Шымкент қаласын қосатын күре тамыр жол — облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-қала қоқыс орны» автомобиль жолының 10-18 шақырымы қайта құру жұмыстарынан өтеді. Жобаға сәйкес, қолданыстағы жолдың (7-9 м) ені 14 метрге кеңейтіліп, екі шетінен суағар, жарық шамдары және аяқжолдар салынатын болады. Жолдың 14 шақымындағы («Эльнұр» тойханасының маңы) жер үсті темір жол өтпесінің жанынан екінші өтпе құрылысы жүргізіледі. Мұндай қайта құру жұмыстары Сайрам тұрғын алабы мен Шымкент қаласын қосатын облыстық маңызы бар КХ-83 «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 0-8 шақырымында да жүргізіледі. Онда да қолданыстағы жолдың (7 м) ені 14 метрге кеңейтіліп, екі шетінен суағар, жарық шамдары және аяқжолдар салынатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 2 мыңнан астам жоба қаржы ұйымы арқылы қаржыландырылды
Күні бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 6 млрд. теңгеге 2 096 жобаны қаржыландырды. Соның нәтижесінде 5 мың жұмыс орны ашылғанын айта кету керек. Оның ішінде 1,7 мыңы […]
ОҚО-да халықаралық онкоурологиялық форум болып өтті
Қаладағы «Шымкент» қонақүйінде халықаралық онкоурологиялық форум болып өтті. Шараның мақсаты – ерте диагностикалауды жақсартып, науқастарға комплексті ем жүргізіп, өмірін ұзарту. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар қатары көбейіп келеді. Оңтүстік […]
ОҚО-дағы 72 аса биік ғимарат толық тексеруден өтті
ОңтүстікҚазақстаноблысыбойынша 72 асабиіккөпқабаттығимаратесепкеалынған. Оның 54-і Шымкент қаласына тиесілі. Солардың бірқатарында қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Избасаров мәлім етті. Басқарма тарапынан ғимараттардың төтенше […]
Пікір қалдыру