Оңтүстікте осы жылдың аяғына дейін, біршама облыстық маңызы бар алты автомобиль жолына қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған орай, тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлініп отыр.Бөлінген қаржыға бірқатар көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Мәселен, Сайрам ауданындағы КХ-82 «Шымкент-Ленгір-Достық-Қасқасу-Көксәйек-Сайрам» автомобиль жолының 83,8-103,3 шақырымы мен аталған аудандағы КХ-83 «Шымкент-Сайрам-Қарамұрт» автомобиль жолының 8-26,1 шақырымы күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Сонымен қатар, осы сынды шаруалар Төлеби ауданындағы КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ-М32 р/ж» автомобиль жолының 0-3 шақырымы мен Қазығұрт ауданындағы КХ-85 «А-2 р/ж-Актас-Рабат-А-2 р/ж» автомобиль жолының 0-30 шақырымдарында жасалады деп күтілуде. Айта кету қажет, Қазығұрттағы аталған жол «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің «Шымкент-Ташкент» бағытының 1 учаскесін салу кезінде айналма жол қызметін атқарып, жолдың жағдайы жарамсыз күйге жеткен-ді. Жобаға сәйкес қолданыстағы жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елді мекен аумағында аяжолдар мен жарық шамдары салынатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТТЕ БІРҚАТАР КӨПҚАБАТТЫ ПӘТЕРЛЕР АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылдың тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын […]
Шымкентте үш ауысымды мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр
Шымкент қаласында үш ауысымдағы мектептер мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Осы мақсатта қала әкімдігі жүйелі жұмыс істеп жатыр. Оқушылары үш ауысымда білім алып жүрген Шымкенттегі Зоя Космодемьянская атындағы нөмірі 12-ші мектепте бұл проблема биыл шешімін таппақ. […]
ШЫМКЕНТТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН КӨШЕЛЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданы аумағында ұзындығы 732 шақырымды құрайтын 728 көше мен өткел бар. Жолдардың 535 шақырымы, яғни 73 пайызы асфальт, 158 шақырымы (21,6 пайыз) тас, 38 шақырымы (5,3%) топырақты құрайды. Тұрғындардың ыңғайына қарап, […]
Пікір қалдыру