Бүгін Отырар аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін арнайы тамашалау үшін сапарға аттанды. Әлемнің жүзден аса мемлекеттері қызу атсалысып жатқан шараны тамашалау мақсатымен жолға шыққан халық қалаулыларына өздерінің ниеттестігін, тілектестігін білдірген отырарлық ағайындар жерлестерін зор құрметпен Елордаға шығарып салды. Бұл күні Отырар ауданының өнерпаздары ән-күйден шашу шашып көпшілік көңілін көтерсе, осы шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов депутаттарға ақ жол тіледі. Сонымен қатар, астаналықтарға отырарлық ағайындардың ыстық сәлемін жеткізуді тапсырды. Астанадан оралған соң дүниежүзін тамсандырып, таңдандырып жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ғажайыптарымен және алған әсерлерімен аудан тұрғындарымен бөлісудің маңыздылығына тоқтала кеткенін айта кеткен жөн. Отырар аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сатыбалды Жаңабай Елордаға жол тартқан жерлестерімізге ізгі ниетін білдіріп, ақ жол тілеп, ақ батасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктен «ЭКСПО-2017» көрмесіне көкөніс керуені аттанды
Астана қаласында 22-23 шілде күндері «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО аясындағы4 — шіжәрмеңкесі.Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171 млн. теңге болатын 420 тонна өнім жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғалы отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы […]
Астаналық студенттер Отырарға келіп тарихи жерлерді аралады
Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің белсенді студенттері Отырар ауданында болып, тарихи жерлермен танысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Менің елім» тарихи өлке танымдық жобасы бойынша «Қазыналы Оңтүстік» сапарын Түркістан қаласынан бастаған […]
Ботагөз Ізтілеу: ЭКСПО-да еліміздің бүгінгі жетістіктерімен таныстырғанда бойымды қуаныш, мақтаныш сезімдері кернегенін жасыра алмаймын
Мемлекетіміздің Елордасы Астана қаласында өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне осыдан 1 ай бұрын Оңтүстіктің 150 жасы аттанғаны естеріңізде болар!? Әзірге, оның 135-і өңірге қайта оралып үлгерді. Тағы «Үздік» деп танылған 15 жас елордамыз — Астанада […]
Пікір қалдыру