ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Байділдə Жылқышиев, Кентаулық жастармен кездесті

ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Байділдə Жылқышиев Кентау қаласына келді. Мəжілісмен адымен қалалық Жастарға қызмет көрсету орталығына ат басын бұрып, кентаулық жастармен кездесті. Кездесуде орталық басшысы Қанат Əбдіəзизұлы алты айда атқарылған жұмыстарын баяндап, өз ұсыныс-пікірін айтты. Сондай-ақ қала жастары белсенділік танытып, түрлі саладағы түйіткілді мəселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.Атап айтсақ, жастар тарапынан Қарнақ ауылынан мəдениет үйі мен спорт мектептерін ашу, «Дарын» жастар сыйлығына өндірісте жүрген жастарды да ұсыну, азаматтық қызметке конкурс арқылы орналасу, Жастар практикасын 1 жылға ұзартып, еңбек кітапшасына өтілді жазу, қалаға қарасты ауылдарға жер бөлу сынды көптеген ұсыныстар айтылды. Кездесу соңында қала басшысы Байділдə Жылқышыұлына «Қала жанашыры» төсбелгісін табыстап, құрмет көрсетті.
Мұнан соң Байділдə Жылқышыұлы «Кентау трансформатор зауытының» трансформаторларға қажетті құрал-жабдықтар шығаратын «Электродеталь» ЖШС-нің жұмысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Кентаудың көптеген мəселелеріне қанық болған Мəжіліс депутаты барлық ұсыныстарды түртіп алып, заң аясында шешілуіне жұмыстар жасайтынын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*