Оңтүстік Қазақстан облысының жастарынан құралған еріктілер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанды. Жастар көрме қонақтары мен шараға келушілерге 1 ай бойы қызмет көрсететін болады. «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанған ерікті топтың Астанаға барып, келу шығынын жергілікті билік толық өз мойнына алып отыр. Осы мақсатта бюджеттен 6 млн теңге бөлініпті. «ЭКСПО-2017» көрмесінің еріктілері жолға шықпас бұрын, олар облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековпен кездесті. Өңір басшылығы Астанаға аттанғалы жатқан жастарға сәттілік тілегенін де айта кеткен жөн. «Басында еріктілердің саны 100 болған еді. Қажеттілікке орай тағы 50 жас қосылды бұл санатқа. Сіздерге облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың атынан сәтті сапар тілеймін. Қазірдің өзінде оңтүстіктен халықаралық көрмеге сатылған билеттің саны 150 мыңға жуық болып отыр. Ал, көрмеге еліміз бойынша 3 мыңнан астам ерікті жұмылдырылмақ. Соның 150-і — оңтүстіктен»,- деді облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы.Елордасы Астанаға аттанып бара жатқан еріктілер талай електен өтіп, іріктелген жастар. Олар бұған дейін түрлі семинар-кеңестерге қатысып, ой-танымын арттырып, білімдерін шыңдаған. Сонымен қатар, шетел тілдерін жетік меңгерген екен.
Ұқсас жаңалықтар
«Астана ЭКСПО — 2017» мотокеруені Оңтүстіктен басталады
Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Астана ЭКСПО — 2017» мотокеруенін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында «ОҚО мотоциклшілер федерациясының» президенті Рүстем Базарбеков хабарлады. Айтуынша, 29 мамырда күнгейден өзге өңірлерге аттанатын мотошеру Түркістан […]
«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2019» ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРҒАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласында өткен еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чемпионатының жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдады. Облыс басшылығы мен адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылығы ойы ұшқыр әрі […]
Отырар ауданы мәслихатының депутаттары «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанды
Бүгін Отырар аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін арнайы тамашалау үшін сапарға аттанды. Әлемнің жүзден аса мемлекеттері қызу атсалысып жатқан шараны тамашалау мақсатымен жолға шыққан халық қалаулыларына өздерінің ниеттестігін, тілектестігін […]
Пікір қалдыру