Отырардың әкімі төртінші билікті төрге шығарып кәсіби мерекесімен құттықтады

Елімізде апта бойы байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойлануда. Бүгін Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановтың ұйытқы болуымен баспасөз қызметкерлерінің мерекесі аталып өтті. Осы мерекеге орай ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Әсет Әссанди, Талғат Балтабаев, Бағлан Байкөбекқызы, Ерсұлтан Әмірбек және ауданымыздағы ардагер журналистер мен өмірден өткен журналистердің жұбайлары, сондай-ақ, аудандық газеттің ұжымы бас қосты.Жиынды ашып, журналистердің кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан басшысы ресми емес «Төртінші билік» өкілдерінің қоғамдағы алатын рөліне ерекше тоқталды. «Журналистер қоғамның қозғаушы күші. Нағыз қаламгер сын жазса да тек шындықты жазу керек. Кемшілікті түзеуге ықпал еткен сын ғана екі жаққа да пайдалы болмақ. Сондықтан сіздердің төл мерекелеріңізде шығармашылық шабыт, шаңырақтарыңызға шаттық, журналистік қызметтеріңізде сәттілік тілеймін!»,-деді аудан әкімі.Дөңгелек үстел барысында қонақтар мен ардагерлер сөз алып, пікірлерін білдірді. Жиында аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов баспасөз қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Сонан соң, әкім мен хатшы лайық деп танылған тілшілерге сый-сияпат жасады.
Дөңгелек үстелді жүргізген аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов жиын соңында қатысушыларды мерекелік дастарханға шақырып, мереке дастархан басында жалғасты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*