Шымкенттік саудагерлер базарларды қала сыртына көшіруді қолдайды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Шымкенттегі базарларды қала сыртына көшіру жайлы ой айтқан болатын. Өңір басшысының бұл талабына сондағы сатушылар де қолдау білдіріп, көшуге байланысты ескерту шараларының дер кезінде жүріп жатқандығын жеткізді.

«Қазіргі талаптарға сәйкес бұл базар қала сыртына көшірілетін болады. Сондықтан мұндағы сауда жасап жатқан кәсіпкерлер түсіністікпен қарап, бізге қолдау білдіруі қажет. Саудагерлер далада қалмайды. Бәріне заң талаптарына сай заманауи үлгіде салынып жатқан Бозарық шағын ауданындағы сауда орталығынан орын берілетін болады. Сондықтан аталған базарды жыл соңына дейін жауып, көшіруді тапсырамын», — деді Жансейіт Түймебаев.«Жергілікті билік қойып отырған талаптар өте орынды. Мынадай базарда қыстың суығы мен жаздағы аптап ыстықта тұрып сауда жасау айтарлықтай қиындықтар тудырады. Сондықтан біз көшуге әзірміз. Тек жаңа базардан орын берсеңіздер болғаны» деді бір топ сатушылар.

«Қазыбек» әмбебап базарында жеміс-жидек, көкөніс пен күнделікті тұтынуға арналған және құрылысқа қажетті тауарлар саудаланады.  Сауда орталығының жалпы аумағы 20 595 шаршы метрді құрайды.  Оның ішінде 10 719 шаршы метрі сауда алаңына жатады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*