Күнгейлік өнертапқыш «Qazaq Arbasy»-сын ойлап тапты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық кодты сақтай білу арқылы ұлттық сананы жаңғырту жайын айтқан еді. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген-ді Мемлекет басшысы.

Осыған орай, оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев дәстүрді сақтап қалудың тың үлгісі  ретінде қазақтың ескі пішіндегі арбасының үстіне киіз үйді қондырған жылжымалы дүңгіршек — «Qazaq Arbasy»-сын ойлап тапты. Мұны қарабайыр дүние деп ойламаңыз. Оны жасау үшін соңғы үлгідегі заманауи материалдар жұмсалды және олардың көпшілігі шетелден арнайы тапсырыспен сатып алынды. Бұл арба қазақтың қымыз-қымыран секілді ұлттық сусындарын сатуға арналған.

Өнертапқыш осындай дүниені 2011 жылы жасауға кірісіпті. Бірінші нұсқасы жеміс-жидек сататын арба болды. Кәдімгі дөңгелекпен жүретін, үстінде сонау Санкт-Петербургте тоқылған кәрзеңкесі бар, бірақ заманауи арба. Оны 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағаш ауданына іссапармен келген кезде таныстырған. Сонда өнертапқыштың туындысын жоғары бағалаған Президентіміз оған «Qazaq Arbasy» деген атау беріпті. Содан кейін мұндай арбаның тағы бір нұсқасы жасалды. Біз әңгімелеп отырған киіз үй пішіндес түрі «Qazaq Arbasy»-ның соңғы нұсқасы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*