ОҚО-да жыл соңына дейін 80 мың тұрғын газбен қамтылмақ

Республикалық және Азия чемпионаттарында, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында  Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары 443 алтын, 421 күміс, 418 қола медаль жеңіп алды. Мұнан бөлек, 2017 жылы су құбыры мүлдем жоқ 10 елді мекен , яғни, 12,3 мың халық жаңа ауыз су құбырларының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі. 2017 жылы өңірдегі 72 елді мекенде газдандыру құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Жыл соңында 50 елді мекен яғни, 80 мың халық табиғи газбен қамтылады.

 Оңтүстік Қазақстан рблыстық және аудандық маңызы бар 801,8 шақырым жолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін 115,4 шақырым жол пайдалануға берілетінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғамдық санасын жетілдірудің 6 бағытын жүзеге асыру аясында облыста 428 түрлі жоспарлы іс-шаралар жүргізілді және 95 жоба жүзеге асырылады. Шекаралық Өгем өзені жөніндегі Өзбекстан Республикасының келісімі нәтижесінде  700 мың адам ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*