Оңтүстік Қазақстан облысының жастары бокстан Франция астанасы Прижде өткен әлем чемпионатында 56 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Қайрат Ералиев, түстік жастарымен жүздесті. Кездесуді облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған болатын. Жиын барысында әлем чемпионы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, тұрақты түрде спортпен шұғылдануға кеңес берді. Мұнан өзге Қайрат, жастардың көптеген түрлі сауалдарына жауап берді.Нақтырақ айтқанада, жастарды әлем чемпионының болашаққа жоспары қатты қызықтырды. 26 жасты еңсеріп, 27 ге аяқ басқан Қайрат Токиода олимп шыңын бағындырғысы келетінін бүкпей айтты. Сондай-ақ, Ұлттық құрамадағы командаластары Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаевқв Париж финалында тәжірбиенің жетіспегендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл әлем біріншілігінде ең күшті қарсыласы өбек боксшысы болғанын да мойындады. Алайда, сол жекпе-жекте барлық күшін салып, жоғарғы техникалық жекпе-жек өткізіп жеңіп шыққанына қуанғанын жеткізді.Ал, жастар жағы Қайраттың жеке өмірі жайлы сауалдар жолдап, тіпті отбасын құру мәселесін де қозғап өтті. Кездесу соңында Қайрат Ералиев, жастарды өмірлік арман, мақсатың үшін күресуге шақырып, жиналған жас жеткіншектерді бокс әліппесімен таныстырды.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте бокс мектебі ашылады
Шымкентте бокс мектебі ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына орай пайдалануға берілгелі отырған бокс мектебінің құрылысы аяқталуға таяу. «Солтүстік» шағынауданындағы №5 спорт мектебіне қарасты жаңа ғимаратта […]
Отырарлықтар ер Төлегенді еске алды
Отырар ауданында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, КСРО-ның еңбек озаты Төлеген Омаровты еске түсіруге арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті. Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа 2004-2005 және 2006-2007 жылы […]
ОҚО әкімі бокс саңлақтарымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде өтіп жатқан бокстан республикалық біріншілік қарсаңында сала саңлақтарымен кездесті. Олардың қатарында ҚР бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхай, Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, ҚР еңбек сіңген […]
Пікір қалдыру