Елімізде тұңғыш рет ақын-сазгер И.Сапарбай əндерінің республикалық байқауы Шымкентте ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 жасқа толу мерейтойына арналған «ЕРКІНДІГІМ – ЕЛДІГІМ» республикалық ән байқауы өтіп жатыр.Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған республикалық байқауды ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері Исрайл Сапарбай жəне облыстық мəдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шарафиева Ғалия Аликенқызы құттықтау сөзбен ашып берді.Байқаудың мақсаты — сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттау, дәріптеу, оның әндері арқылы елдің рухын биіктетіп, қазақ эстрадасының дарын иелерін анықтау және олардың орындау шеберліктерін арттыра отырып, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету болып табылады.
Байқаудың құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениетжәне спорт министрлігі. Ұйымдастырушылар — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасы.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*