ОҚО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі рухани жаңғыру аясында өткізген бас қосуда сөз алған облыс әкімі Ж. Түймебаев жер жүзіндегі барлық халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, жеке халық, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына әйел-аналардың сіңірген еңбегі орасан екенін айтты.Республикалық отырыста Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, ұлттық дәстүрді негізге ала отырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстар әзірлеу, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара сыйластық пен татулық, мейірімділік, бірлік пен келісім секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды кеңінен насихаттау жайы қаралды. Айта кету керек, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде облыстық, аудандық, ауылдық деңгейде 1774 Анар кеңесі жұмыс істеуде. Кеңесте 9234 адам мүше болып табылады. Ал, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 202 Аналар кеңестері бар. 1130-дан астам мүшесі бар кеңес ажырасудың алдын алу, отбасыдағы ұрпақ тәрбиесi, жасөспiрiмдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды өзектi мәселелер төңiрегiнде 640-тан астам iс-шара ұйымдастырып, бірқатар ауқымды бастамаларды қолға алды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі 20 жасқа «Үздік жастар премиясын» табыстады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыс жастарының балы мен «Үздік жастар премиясы» салтанатты іс-шарасына қатысты. Жастардың арасында мәдениеттілік пен әдептілікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған кеште облыс әкімі сөз алып, барша […]
Өмірзақ Шүкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалды
Түркістан облысының әкімі болып Шүкеев Өмірзақ Естайұлы тағайындалды – деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Түркістанда өткен актив жиналысына Үкімет басшысы Асқар Мамин арнайы келіп қатысты. Облыстың жаңа басшысын көпшілікке таныстырған Асқар […]
Әлеуеті зор әлеуметтік сауда қатары
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бағаны тұрақтандыру тапсырмасына сәйкес, барлық аудандар мен ауыл округтерінде әлеуметтік дүкендер мен базарлар ашу тапсырылған болатын. Берілген тапсырмаға сәйкес, қала әкімдігі мен «Арысбай» базарының әкімшілігімен ортақ меморандум түзіліп, қаламыздың орталық «Арысбай» базарында […]
Пікір қалдыру