Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет 16 су қоймасы салынады. Сонымен қатар, тасқын суға қарсы 70 нысанда инженерлік жұмыс іске асырылатынын да айта кету керек. Осының арқасында 320 млн текше метр топан су қабылдап, 17 мың гектар суармалы жер суарылмақ. Айта кету керек, зерделеу жұмыстары жыл сайын 2 млрд текше метр судың ағып кететінін көрсетті. Осы мақсатта салынатын 16 су қоймасы ауыл шаруашылығының жаңа қарқынмен дамуына да септігін тигізетіні сөзсіз. Қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен Тоғыс, Сасықбұлақ, Ақылбексай су қоймаларында 984,9 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2017-2019 жылдары 11,1 млрд теңгеге 4 су қоймасында (Шардара, Таушаға, Досан-Қарабас, Бөген су қоймалары) күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтіліп отыр. Оңтүстікте жылыжай шаруашылығы да дамып келеді. Республика бойынша жылыжайдың 80%-ы біздің өңірде орналасқан. Нақты айтқанда өңіріміздегі жылыжай саны 1123-ке жетті. Олар жалпы аумағы 1250 гектар жерде орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «тілші және тіл мәдениеті» облыстық семинары өтті
Облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Тілші және тіл мәдениеті» атты семинар-кеңес өтті. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.Аталған шараға аудан, қала […]
ОҚО-да омарташылар кооперативі құрылады
Оңтүстік Қазақстан облысында омарташылар кооперативі құрылады. Бұл өз кезегінде ішкі туризмді дамытып, шетелдік туристерді көптеп тартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ оңтүстік омарташыларының бірлесіп, ұжымдасып жұмыс істеуіне ықпал ететін болады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт […]
ОҚО-да ауыз су жүейсін жөндеуге бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлінген
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық және облыстық бюджет есебінен 4,7 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 25 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 5 елді мекен халқы жаңа ауыз су құбырларымен қамтылса, 3 елді […]
Пікір қалдыру