ОҚО-ға ЖТүймебаев әкім болып тағайындалған соң қолға алған ерекше жобалардың бірі – Шатқал бағдарламасы. Оған сәйкес облыс орталығы Шымкент қаласы мен аудандардағы бос жатқан сай-салаға көшеттер егіліп, саябаққа айналады. Облыста Шатқал бағдарламасы жер-жерде қолға алынғалы бері өңірдің аудан, қалаларында аталған бағдарлама аясында 400 мың түптен астам жасыл желек егілді. Бір ғана Шымкентте ашылған 5 саябаққа 50 мыңнан астам көшет отырғызылды.Тал-дарақ егу жұмыстары бойынша аудан, қалалар ішінде Бәйдібек ауданы алда келеді. Ондағы бүгінгі таңда бағдарлама аясында Ақбастау ауылды округіндегі «Домалақ ана» кесенесінің маңындағы 20 га қоршалған жер мен Шаян-Екпінді жол бойындағы 5 га жерге 172 мың тұт ағашы, 3050 шырша және 22 мың 800 түп гүл көшеті егілді. Отырар ауданында бүгінге дейін 53 294 түп жасыл желек отырғызылса, Төлебиде 28 мың түптен астам қарағаш, арша және жеміс ағаштары егілді. Сарыағаш ауданында да республикалық маңызы бар автожолдың бойына, аумағы 11 шақырым жерге 20 мың түп шырша, боз арша көшеттері егілді. Шардарада «Жасыл аймақ» құру жоспары түзіліп, тасжолдардың бойында 3300 дана көшет егілген. Созақтықтар «Шатқал» бағдарламасына сәйкес 1030 түп декоративті көшетті аудандағы 8 су қоймасының маңына отырғызған. Тиісті жоспар Сайрам ауданында да орындалуда. Сайрам мен Түлкібас аудандарының шектесер тұсында, Машат асуындағы халықаралық автожолдың бойына 1200 түп түрлі жеміс ағаштарымен қоса, қылқанжапырақты және қаратал көшеттері отырғызылды. Мақтаарал ауданында «Шатқал» бойынша 11 мың түп тал көшеттері егілсе, қазығұрттықтар 26 гектар жерге 16 мың 343 көшет отырғызды. Түркістанда 17 мың түп ағаш көшеті өсіп тұр. Бұған қоса өңір басшысы жуырда Шымкент қаласының маңындағы 16 мың гектар алқапқа жасыл желек егу туралы тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да 245 мыңға жуық оқушы жазғы лагерьге барады
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы 1 мен 10-сынып оқушыларының саны 579 мыңға жуық оқушыны құрап отыр. Осы балалардың жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірдегі 1858 түрлі бағыттағы лагерлер жұмыс жасайтын болады. Ал оларда 244 674 […]
ОҚО-да жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 180 мыңға жуықтады
Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 178,7 мың бірлікті құраса, бұларға жұмыспен қамтылғандар саны 331,5 мың адамды құрады. Ал осы жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің […]
ОҚО-ның жасы жетпіске таяған тұрғыны Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне велосипедпен аттанды
Шымкенттік қария Кеңесбек Сейдімбеков Астанаға велосипедпен аттанбақ. Жасы 70-ке таяған ақсақалдың мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту. Себебі, бұл шараны Елбасы бастамасымен еліміз тұңғыш рет өткізгелі тұр. Сондықтан, осылай көрмеге қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды.«Астанада […]
Пікір қалдыру