Шымкент қаласында алдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» жобасы мен ескі қалашық кешені жүзеге асырылатын болады. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті. Бұдан бөлек, облыс әкімінің бастамасымен «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешені маңында үш бидің ескерткіші орнатылып, «Қазығұрт» тарихи-этнографиялық кешені бой көтеретінін де айта кету керек. Сонымен қатар, облыстық Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылдың 9 айында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы 393 млн. 978,3 мың теңгені игеріп отыр. Бұл қаржыға биыл Арыс қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліпті. Сондай-ақ, Шымкент қаласының бас жоспарын өзектендіру (актуализация) жобасы даярланған. Мұнан өзге, «Қарашаш ана», «Ибраһим ата», «Қызыр Пайғамбар», «Әбдел Әзиз баба», «Мірәлі баба» кесенелері мен «Көне Отырар» сәулеттік жобасын абаттандыру, жаңғырту мақсатында жобалар даярланған.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік балалар телеарналар арқылы сабақ оқи алады
Қашықтықтан оқыту жүйесі Қазақстан үшін таңсық емес. Алайда мектеп оқушылары жалпы бұндай жаппай қашықтықтан оқыту жүйесін бірінші рет қолданып отыр. Сондықтан қиындық болуы заңдылық. Сала мамандарының хабарлауынша 17 мыңнан астам ұстаз тас түйін дайын отыр. […]
Шымкентте тағы бір адам короновирус жұқтырған
Шымкент қаласында тағы бір адамнан короновирус анықталды. Яғни бүгін, 1-мамыр сағат 11-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 жағдай тіркелген. Қауіпті дертті жұқтырып алған науқастың өзінен короновирус анықталғанға дейін дертті жұқтырған адаммен қарым-қатынаста […]
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық […]
Пікір қалдыру