Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өрт сөндіру қызметкерлеріне көлік кілтін салтанатты түрде табыстап, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар азаматтарды марапаттады.«Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер еліміздің қауіпсіздігін, төтенше жағдайларда адамдардың өмірі мен мүлігін қорғап, азаматтарға әрқашанда жәрдем беріп келуде. Биыл Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс және республика көлемінде орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін қосты. Осындай ерлік пен еңбектеріңіздің арқасында «Қазақстандық құтқарушы» мәртебесіне ие болған баршаларыңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қызметте жетістік пен табысқа жетулеріңізге тілектеспін»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017-2021 жылдары 60 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, министрлік тарапынан қолға алынып отырған бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.«Бұл күндері министрлік делегациясы үлкен жұмыс көлемін атқарды. Тамара Қасымқызымен келісемін, азаматтарды тіркеу, деректерді жандандыру іс-әрекеттерін жылдың соңғы күніне дейін созудың қажеті […]
ОҚО-да 30 мыңға жуық түйе бар
Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметiнше, бiздiң өңiрдегi түйе саны 27 мыңды құраса, соның 9000-нан астамы Созақ ауданында. Негiзiнен Созақта еттi, ал, Отырарда сүттi түйелер өсiрiледi екен. сурет Elarna.kz сайтынан алынды Оңтүстiк-Батыс мал және […]
ОҚО-да Елбасы мақаласы аясында «Билерге тағзым» велошеруі өтті
Таяуда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасы бойынша облыс әкімдігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында ұйымдастырған «Билерге тағзым» атты дәстүрлі велошеруі өтті. Таңертең Шымкент қаласының «Ордабасы» алаңынан басталған іс-шараны облыс […]
Пікір қалдыру