19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күні қарсаңында мерекелік шарада өз қызметтік міндеттерін сапалы, тиімді, мінсіз атқарып, қызметін адал орындаған 25 қызметкер азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан үлестері үшін «Еңбек ардагері» медалімен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментіне басшылық еткен құрметті ардагер отставкадағы полковник Уалихан Ережепов «Еңбек ардагері», Мұхтарбек Бексеитов «Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды.Айта кетейік, өрт сөндіру қызметінде қазіргі таңда 100-ден астам өрт сөндіру техникасы бар. Бұл техниканың басым көпшілігі 20 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Қазіргі таңда облысымыздың халқы мен әл-ауқаты өсуіне байланысты көптеген жоғары қабатты тұрғын үйлер салынуда. Мұндай көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдайлар орын алған жағдайда жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру техникаларының өрт сөндіру автосатылары жоғарыға көтеріліп, өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізері сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ТЖ қызметкерлеріне 35 жана өрт сөндіру көлігі тапсырылды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша сала қызметкерлерін кәсіби […]
ОҚО-да «Қыс — 2017» командалық оқу-жаттығу өтті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Шараға облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттері, облыстың, қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдай комиссиясы, өңірдегі дислокацияланған Қорғаныс министрлігінің бөлімдері қатысқанын айта кету […]
ОҚО-да газдан уланып зардап шеккендердің саны екі есеге төмендеген
Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Әсібековтың айтуынша, өңірде оқыс оқиғалардың негізгі себептері жабдықталмаған су айдындарында суға шомылу, балалардың ересек адамдардың қарауынсыз қалуы, судағы қауіпсіздіктің қарапайым қағидаларын бұзу болып […]
Пікір қалдыру