Оңтүстікте «Жүрекпен жазылған жыр» атты облыстық семинар-кеңес өтті

Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Шардара ауданы Сүткент ауылдық мəдениет үйінде жазба ақындарға арналған «Жүрекпен жазылған жыр» облыстық семинар-кеңес өтті.Жиынның мақсаты- қазақ поэзиясына қадам басқан дарын иелеріне дұрыс бағыт беру, шеберлігін шыңдау, сөздің мəні мен мағынасы, өлең болмысы мен алар орны жөнінде пікір алмасу болып табылады.Бүгінгі күнде екі қатар сөздің басын құрап, өлең деп əуестене қарайтын жеңіл ойлы мəтінге бай шала ақындық туындылар да аз емес. Семинар-кеңестің негізгі мәселесі де қоғамда дендей бастаған шала сөз бен дана сөз қадірін сараптап, қателіктерге тосқауыл болуға шақыру.Осы орайда, «Бүгінгі қазақ поэзиясы» тақырыбында баяндама оқып, аталған мəселелер төңірегінде Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының мүшесі, ОҚО білім басқармасына қарасты №2-ші колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анарбаев Бекмұрат Сапарханұлы егжей-тегжейіне дейін түсіндірсе, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к.,Мамыт Амангелді «Ақындық болмыс…» тақырыбында ой қозғады.
Сонымен қатар, «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Қалшабек Абай Батырұлы, «Жау жүрек жас ақындардың ғасыры» Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы ОҚО филиалы директорының орынбасары Тұрлыбек Сабырбек Нұрманұлы баяндама жасап, пікір алмасты. Басқосу аясында «Сүткент» ауылдық мәдениет үйі үйірмесіне қатысушылар көркемсөз оқып, сөз сүлейлерінің өлеңдерімен сусындатты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*