Әмірдин Әлішев Маақтаралда семинар-кеңес өткізді

ОҚО әкімінің кеңесшісі, жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев Мақтарал ауданына іс-сапармен келіп, бірнеше ауылдық округтерде семинар-кеңес өткізді. Атап айтқана, Ш.Ділдәбеков және Ынтымақ ауылдық округтерінің, Атакент кенті әкімі аппаратының қызметкерлерімен кездесіп мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі жаңалықтармен құлағдар етті.Семинар-кеңестен соң мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің аппаратында 7 дербес бөлімдерінің ұйымдастыруымен кең көлемде мәжіліс өтті.

Әмірдін Әлішев БАҚ пен әлеуметтік желілерде оқырмандардың түрлі наразылығын тудырып жатқан мемлекеттік қызметкерлердің дөрекілігі жөніндегі мысалдарды келтіре отырып, бүгінде мемлекеттік қызметкерлерге деген халықтың талабы күшейгенін ескертті және мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмауы үшін де әрбір мемлекеттік қызметкер ҚР-ның мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексін қатаң ұстануы керектігін айтты.

Мәжілістен соң әдеп жөніндегі уәкіл аудан тұрғындарын жеке қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің әдебі жөнінде түрлі өтініштер мен ұсыныстарын тыңдады.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*