Оңтүстік Қазақстан облысында өткен AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесінде Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан сынды шетелдік 50-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда келушілер ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды көре алады.Сонымен қатар, халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар облыстың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар ала алады. Дәстүрге айналған AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі Қазақстан мен шет мемлекеттердің аграрлық саладағы жетістіктерін одан әрі молайта түсетінін ескере кеткен жөн. Айта кетейік, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнім көлемін арттыру үшін биыл Оңтүстіктің шаруалары 900-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.
Ұқсас жаңалықтар
Созақтық кооперативтер техникаларын жаңартып датыр
Созақтағы «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бүгінгі таңға осы түйе сүтін өңдеу кәсіпорнын ашып, тиісті құрал жабдықтарын алып, алынған құрал жабдықтарына инвестициялық субсидия алуға құжаттарын өткізді. Биылғы жылдың 9 айында аудандағы барлық санатта 31 261 […]
Оңтүстіктің полиглот жастары «ЭКСПО»-дан оралды
Таяуда ғана Оңтүстік Қазкақстан облысынан елордасы – Астанаға 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне аттанған болатын. Олар көрмеге келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, Оңтүстікке қайта оралды.Айта кету керек, жас полиглоттар […]
Оңтүстік ардагерлері «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды
Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Ырыс алды ынтымақ» қоғамдық форумында өңір басшысы Ж.Түймебаев өз баяндамасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқын көрсетілген бағдарлар мен жобаларды жүзеге асыруда қариямыз бен жасымыз білек сыбана, бірлік пен […]
Пікір қалдыру