Отырар ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Отырар ауданы бойынша орындалуы бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай баяндап, 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарға кеңінен баяндап, саладғаы мәселелерге тоқталды. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінгі таңда Отырар ауданы бойынша халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2017 жылға кешенді жоспары 2334 адам болса, соңғы он айдың өзінде бұл жоспар артығымен орындалып, 2434 адам жұмыспен қамтылып отырғанын айта кеткен жөн. Мұнан бөлек ауданда мүгедек жандарды да жұмысқа тартып, тұрақты жұмыс орнымен қамту көзделген. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі жандар бойынша 78 адам жұмысқа тартылса, 214 адам әлеуметтік жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы айтқанда бүгінгі жиынды қорытындылаған Рыскелді Салхутдинұлы тиісті сала және мекеме басшыларына айтылған мәселелер бойынша жұмыстарды одан әрі ширатуды тапсырып, жыл қорытындысымен жақсы нәтижелерді күтетінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Кентау трансформатор зауытында мыңнан астам адам жұмыс істейді
Оңтүстіктегі Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауытында бүгінгі таңда 1011 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етеді. Айта кету қажет олардың көбі жастар.Бүгінгі таңда электр қуатын реттегіш жасайтын кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды […]
Отырар ауданына 8 айда 8 миллиардтан астам инвестиция тартылған
Отырар ауданында «ОNTUSTIK» аймақтық инвестициялық орталығы» басқармасы төрағасының орынбасары Темур Абильдинов отырарлық шаруалармен өткен кездесті. Жиын барысында шаруалар ұйым басшыларына өздерін толғандырған көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сөз барысында аудан басшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың […]
ОҢТҮСТІК» АЭА-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ АУМАҒЫ МЕН ҚЫЗМЕТ АЯСЫ КЕҢЕЙМЕК
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағын ұлғайту көзделуде. Сондай-ақ басымды қызмет қатарына химия, мұнай-химия, құрылыс материалдарын өндіру ісі енгізілуі жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. 2005 жылы […]
Пікір қалдыру